Осы редакция 2018 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 1 маусымдағы
№ 346 бұйрығына
6-қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын
қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 тіркелген, мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жылжымайтын мүлік кепіл шарты (бұдан әрі - Кепіл шарты) болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеті тәртібінің
сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-әрекеттерді) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген толық құжаттар топтамасын тапсыруы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мынадай рәсімдерден (іс-әрекеттерден) тұрады:
1-рәсім - көрсетілетін қызметті берушінің стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауы;
2-рәсім - көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруі;